Адами капитал

Қазақстан туралы эксклюзивті фильм «Туризм аруы-2015» халықаралық байқауында көрсетіледі

Қазақстанның көрнекті жерлері туралы эксклюзивті фильм Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтетін «Туризм аруы -2015» көрсетілетін болады, деп хабарлады «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 16:09

«Қазіргі таңда еліміздің атын шығаратын тағы бір байқауға қызу дайындалып жатырмыз. «Туризм-2015» байқауына республиканың әр аймағынан 200-ге жуық арудан өтініш келіп түсті. Көпшілігі солтүстік өңірдің қыздары. Биыл экономикалық дағдарысқа байланысты үлкен конкурс етіп өткізбейміз. Бұл байқауға баратын ару тек кастинг арқылы осы жексенбіде таңдалатын болады. Байқау келер жылдың 16 ақпанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтеді. Кастингтен өткен ару осы байқауға қатысуға жолдама алады. Сондай-ақ, тағы бір айта кететін жәйт, аталған байқауға арнайы Қазақстан туралы 10 минуттық қысқа метражды фильм дайындап жатырмыз. Онда қазақ мәдениеті, туристерге арналған көрнекті орындар көрсетіліп, тарихымыз қысқаша баяндалатын болады», - деді ол.

Айта кетейік, "Туризм аруы" байқауына Қазақстан 2001 жылдан бері қатысып, жүлделі орындарға ие болған еді. Атап айтсақ, 7-еуі жүлделі орындарға ие болса, 1-еуі бірінші орын алып, Қазақстан даңқын асырды.  




Яндекс.Метрика