Инвестициялар

ШҚО әкімдігі мен ЕҚДБ 11 млрд теңгені құрайтын келісімдерге қол қойды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен Ресей мен Орталық Азиядағы ЕҚДБ-нің инфрақұрылым бойынша директоры Екатерина Мирошник құны 11 млрд. теңгені құрайтын несиелік келісімдерге қол қойды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 24 Желтоксан, 16:09

Келісім шартына сәйкес ЕҚДБ Семей қаласындағы «Семей водоканал» және «Теплокоммунэнерго» мекемелерінің орталықтандырылған жылумен қамту жүйесін жаңғыртып, сумен қамту және су тарту инфрақұрылымын қайта жөндеуден өткізеді.

Осы кезекте Қазақстан Республикасының Үкіметі «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту ұлттық бағдарламасын дамыту аясында аталмыш жобаларға жеңілдетілген қаржы түрін бөледі.

ЕҚДБ тарапынан бөлінген инвестиция жылыту және сумен қамту жүйелерінің тозығы жеткен желілерін жаңартуға, заманауи қондырғыларды және автоматтандырылған басқару жүйесін орнатуға, энергия тиімділігін арттыру және экологиялық стандарттарды жақсарту мақсатында санау құралдарын орнату бағдарламасын жалғастыруға мүмкіндік береді. 

«Энергетика және ресурстарды тиімді пайлану ЕҚДБ-нің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біз Қазақстан Республикасымен «жасыл экономиканы» дамыту жобалары бойынша тығыз қарым-қатынас орнаттық. Семей қаласындағы сумен және жылумен қамту жүйелерін жаңғырту да аталмыш жобалар қатарынан. Бұл Семей қаласы үшін энергия көзін және су шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді» - деп атап өтті Ресей мен Орталық Азиядағы ЕҚДБ-нің инфрақұрылым бойынша директоры Екатерина Мирошник.

Бүгінгі таңда ШҚО әкімдігі халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тарту бойынша қарқынды жұмыс атқаруда. Жалпы құны 171,1 млрд.теңге болатын Өскемен мен Семей қалаларында 5 жоба Еуропалық даму және қайта құру банкі арқылы іске асырылады. Оның ішінде 16,9 млрд.теңгені құрайтын жобалары жоғары маңызға ие. 

«Президент Жолдауын жүзеге асыруда даму институттарынан қаржы тарту және мемлекеттік жеке-меншік әріптесті дамыту біз үшін маңызды болып табылады», – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 5,9 млрд.теңгені құрайтын Өскемен мен Семей қалаларында көше жарықтандыру құралдарын энергия үнемдеуіш шамдарға ауыстыру және Өскемен қаласындағы сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін модернизациялау бойынша қосымша 3 жобаға қол қойылады.





Яндекс.Метрика