Өңірлер

2016 жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне арналып айлақ салынады (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері үшін егеменді Қазақстанның тарихында алғаш рет корабльдерді арқандап байлауға, азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын тасымалдау, корабльдердің ұдайы орналасуы үшін айлақ бой көтереді.
Нұр-Сұлтан 24 Желтоксан, 15:34

2015 жылы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің құрылу тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағының аумағында салынатын корабльдердің тұрақтауына арналған теңіз айлағы құрылысының басталуы болды. Айлақтың болуы ӘТК-нің жауынгерлік және күнделікті тыныс-тіршілігіне оң ықпал етеді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері Баутино кентінде жалға алынған айлақта әскери-теңіз базасынан 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл Ақтау қаласында тұратын әскери қызметшілердің қызмет ету орындарынан өздерінің отбасыларына дейін ұзақ қашықтық болып табылады.

«ҚР ҚК ӘТК корабльдердің орналасу пунктінің құрылысы аяқталысымен  Ақтау қаласының айлағында Әскери-теңіз күштеріне Каспий теңізінің қазақстандық секторында ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді және уақтылы ден қоюға, сондай-ақ Каспий теңізінің кез келген ауданына корабльдердің шығуын жедел жүзеге асыруға, тасымалдау мен материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен уақтылы қамтамасыз етуге, техниканың мотоқоры мен қару-жарағын үнемдеуге мүмкіндік береді және жанар-жағармай материалдарына жұмсалатын шығынды анағұрлым қысқартады», - деді ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.

 Айлақтың құрылысымен Ақтау қаласы айлағының аумағында ауданы 1.2 га бөлінген жер телімінде «Әскери құрылыс» акционерлік қоғамы айналысып жатқанын айта кетейік. Бүгінгі таңда су айдынының учаскесі 100%-ға дайын және айлақтың қабырғасын құю үшін материалды әкелу жүзеге асырылды. 

Әскери-теңіз айлағының құрылысы 2016 жылдың аяғында аяқталады деп күтілуде. 





Яндекс.Метрика