Адами капитал

Қазақстанда Президенттік жаңа жыл шыршасы өтті

Қазақстанның облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында 3500 мыңға жуық баланың қатысуымен, сондай-ақ «Балдаурен» республикалық емдеу-сауықтыру орталығында 300 дарынды оқушының қатысуымен Президенттік жаңа жыл шыршасы болып өтті. Мерекелік шара барысында кішкентай қазақстандықтар Мемлекет басшысының бейнеқұттықтауын тамашалады.
Казахстан24 Желтоксан , 12:34

ҚР БҒМ хабарлағандай, Астанада ҚР Президенті атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық шырша жаңа Оқушылар сарайында өтті. «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» атты мерекелік  шараға  9 бен 13 жас аралағындағы 200 бала қатысты. Олардың арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі және спортта, шығармашылықта, қоғамдық шараларда түрлі жетістікке жеткен балдырғандар бар. Мерекелік кештің басты идеясы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының басты құндылығы ретінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу мәселесі болды.

Кішкентай астаналықтарды ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов құттықтады. Ертегі қойылымынан кейін балалар аниматорлардың өнерін тамашалап, Оқушылар сарайындағы экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында планетарий мен интерактивті саябақты аралады. Шара соңында балдырғандар мерекелік дастарханнан дәм татып, естелік ретінде суретке түсті. Сондай-ақ, түрлі тәттілер, киімге арналған сертификат және жұмсақ ойыншықтар түріндегі сыйлықтармен марапатталды.       




Яндекс.Метрика