Адами капитал

Мемлекеттік хатшы И. Ильиннің Грозныйдағы әрекетін атап өтті

ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiндегi дәрiсiнде ел патриоттарының, оның ішінде Ресей Президенті Кубогы үшін Грозныйдағы жарыстағы Илья Ильиннің әрекетін атап өтті.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 11:53

«Спортшымыз Илья Ильин – нағыз патриот. Жуырда өткен жарыста ол жаңа әнұранды қоюды талап еттi. Бiз оның қолын жүрегiнiң тұсына қойып, елiмiздiң әнұранын бiрге айтқанына куә болдық. Сондай-ақ, биыл 13 жастағы жасөспiрiм Орал қаласында суға батып бара жатқан екi қызды құтқарып қалды. Ержүрек бала екi қызды кезектеп құтқарды. Бұл да патриоттықтың белгiсi. Және де 2011 жылы «Халық қаһарманы» мемлекеттiк наградасы қызметте қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа берiлдi. Ол бiрнеше адамды өлтiрген қауiптi лаңкестi ұстады. Бұл да патриоттықтың белгiсi. Бiз де елiмiздiң патриотымыз, өйткенi, бiз әрқайсымыз еңбек етiп, елiмiздiң дамуы мен гүлденуiне үлес қосып жатырмыз», - дейдi мемлекеттiк хатшы.

Г.Әбдiқалықова қазақстандықтарды елiмiздiң патриоты болуға шақырды. Сондай-ақ, мемлекеттiк хатшы тыңдаушылар назарын Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қайраткерi ретiндегi тұлғасына, әсiресе, Елбасының «қазақстандық экономикалық және әлеуметтiк тағажайып құбылыс» деп аталатын «Қазақстандық Жолын» әлемге танытқан бейбiтшiлiк пен келiсiм саясатына аударды.

Айта кетсек, бүгiн ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әблiқалықова Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде «Қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi нығайтудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи үлесi және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлi» атты тақырыпта актiлiк дәрiс оқыды.




Яндекс.Метрика