Ұлтаралық бірлік

Гүлшара Әбдіхалықова студенттерге ҚХА қызметі туралы айтып берді (ФОТО)

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттерге дәріс оқу барысында Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын қорытындылады.
Нұр-Сұлтан 24 Желтоксан, 11:42

Алдымен отырысты ашқан ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов жыл бойы жүзеге асырылған шаруалар жайлы аз-кем тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен биыл елімізде ҚХА-15 жылдығы ретінде ерекше қарқынмен атап өткізілді. Осы мақсатта біз республиканың түкпір-түкпірін аралап, 30 мыңнан астам қоғамдық мерекелік шара ұйымдастырылып, оларға 9 миллионнан астам азамат қатысты», - дейді Ералы Лұқпанұлы.

Ал, Гүлшара Наушақызы ҚХА-ның 20 жылдығын қорытындылай келе, еліміздегі ұлтаралық татулықтың биылғы жылы нығая түскендігіне тоқталды.

«Биылғы жылы Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің, қоғамның ықпалдасуының конституциялық қағидаттары орнықты. Оған осы кезге дейін Елбасының қолдауымен жүзеге асырылған шаруалар дәлел бола алады. Осылайша, Қазақстан халқы ассамблеясы – ұлттар татулығының алтын ұясы бола алғандығын көріп отырмыз, - деді Мемлекеттік хатшы.





Яндекс.Метрика