Білім беру

ҚР Мемлекеттiк хатшысы Еуразия ұлттық университетiнде дәрiс оқыды

ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде «Қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi нығайтудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи үлесi және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлi» атты тақырыпта актiлiк дәрiс оқыды.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 10:42

«Жуырда бiз әлемдiк рейтингпен таныстық. 2015 жылы World University Ranking рейтингi жарияланды. Оның қорытындысы бойынша, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi үздiк 400 университет қатарына енiп, 371-орынды иелендi. Осы жетiстiкпен құттықтаймын. Бұған университет әкiмшiлiгiнің, оқытушылар мен студенттердiң қосқан үлесi зор», - дейдi Гүлшара Әбдiқалықова.

Сондай- ақ, мемлекеттiк хатшы 2015 жылғы маңызды оқиғаларға тоқталды. Оның айтуынша, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы аталып өттi. Бұл даталар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есiмiмен байланысты.




Яндекс.Метрика