Білім беру

Д.Ахметов: ШҚО-да Президент Жолдауының шеңберінде білім беру жүйесі жаңғыртылуда

Елбасы Жолдауының «Жаңа инвестициялық саясат негіздері» атты 4 бағытының шеңберінде, техникалық және кәсіби білім беру инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс. Ол үшін Шығыс Қазақстан облысында білім беру дәрежесін көтеріп, елімізді бәсекеге сай мамандармен қамту үшін, аталмыш бағыттарды жаңғырту мақсатында жүйелі шаралар атқарылуда, деп хабарлады облыс әкімі Даниал Ахметов Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге бағытталған идеологиялық активте.
Шығыс Қазақстан24 Желтоксан , 15:19

Жолдаудың төртінші бағытын жүзеге асыру мақсатында Кәсіпкерлер палатасымен және 166 кәсіпорынмен бірлесіп облыстағы 80 колледждің 41-де 36 мамандық бойынша дуальді білім беру жүргізілуде. Кешендік бағдарламалар негізінде 2517 студент білім алуда. Жұмыс берушілермен бірлесіп 36 оқу жоспары және 162 бағдарлама әзірленді.

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі дамудың жаңа бағыты Германия, Сингапур, Канада және Австрия елдерінің тәжірибесі бойынша кадр даярлайтын ресурстық орталықтар болмақ.  Олардың бірі құрылыс колледжі мен көпсалалы технологиялық колледж негізінде Өскемен қаласында құрылған орталықтар болмақ.

Кәсіптік бағдар беру шеңберінде жалпы білім беру мектептеріндегі жұмыс квалификациясы бойынша колледждер 36 сағаттық курстар ұйымдастырды.  ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 43 кәсіби бағдар беру кабинеті ашылып, жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Өскемен қаласы мен Күршім, Бородулиха аудандарында «Мектеп – Интернат - Колледж» жобасын енгізу үшін 4 мектеп анықталды.

2017 жылдан бастап тегін кәсіби білім беру жобасы бойынша кешендік бағдарлама енгізілетін болады.




Яндекс.Метрика