Халықаралық интеграция

ҚР Қорғаныс министрі Мәскеуде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде ТМД қатысушы мемлекеттері Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп ведомстводан хабарлады.
Әлемде 24 Желтоксан, 14:47

Отырыс басталар алдында РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ҚР Қорғаныс министріне басты реликвия, жуырда Астанада ашылған Қарулы Күштердің Әскери-тарихи мұражайында лайықты орын табатын Жеңіс Жалауының көшірмесін берді. 

Одан басқа,  күн тәртібінде ТМД ӘШҚҚ біріккен жүйесін дамыту мен ұстау, ТМД қатысушы мемлекеттер қарулы күштері инженерлік әскерлерінің өзара іс-қимылы, әскери білім беру, сондай-ақ 2016 жылға арналған ынтымақтастық жоспарларын бекітуге қатысты мәселелер қозғалды.

Одан басқа, Қорғаныс министрлері кеңесінің жаңа хатшысы  болып генерал-майор Юрий Дашкин тағайындалды. Және ТМД ҚМК келесі отырысының тәртібі бекітілді. Сонымен қатар отырыста 2015 жылға дейін ТМД-ның әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын орындау қорытындысы қаралды.

Ағымдағы жылдың 16 қазанында Бурабайда өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылға дейін ТМД қатысушы мемлекеттерінің әскери ынтымақтастық тұжырымдамасы бекітілгенін естеріңізге сала кетейік.

Дәл осы күні ҚР Қорғаныс министрі И.Н.Тасмағамбетовтің РФ Қорғаныс министрі С.К.Шойгумен екіжақты кездесуі өтті. Осы кездесуде Халықаралық армия ойындарын өткізу мәселелері талқыланды.  Өйткені, келесі жылдан бастап Қазақстан армия ойындарының екі кезеңін қабылдайды. Артиллерияшылардың сайысы және мергендердің байқауы.

«Сайысу рухы оларға сеніп тапсырылған техника мен қару-жарақты қолданудың іс жүзіндегі аспектілерін тереңірек меңгеруге  ықпал етеді. Оның үстіне мұндай іс-шаралар жеке құрамның жауынгерлік рухын арттырады. Аталған бастаманы қолдай отырып, қазақстандық тарап өзінің аумағында сайыс бөлігін ұйымдастыруға және Ресей Федерациясының аумағында 19 сайысқа  қатысу үшін өздерінің өкілдерін  жіберуге әзір», - деді кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетов.

Биылғы жылы әскерилеріміз кеңінен танымал «Танк биатлоны», «Авиадартс» ұшу экипаждарының сайысынан басқа «Каспий теңізі» әскери-теңіз корабльдерінің байқауына қатысқанын айта кеткен жөн.  Бұл ойындар Қарулы Күштер арасында серіктестікті нығайтуда белгілі бір сәт болғаны сөзсіз. 





Яндекс.Метрика