Халықаралық интеграция

Девальвацияның жақсы тұстары да бар – әзірбайжандық кәсіпкер

«Еркін айналымдағы» манат ұлттық экономикаға, Әзірбайжанның шағын және орта бизнесіне көмектеседі. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА «Bauchemie» компаниясының директоры Ильгар Меликов хабарлады (Әзірбайжан).
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 09:07

«Сіздің рұқсатыңызбен алдымен бауырлас Қазақстан халқын алда келе жатқан 2016 Жаңа жылмен құттықтаймын. Әрине, бейбітшілік пен келісім, мемлекеттің өсіп өркендеуі мен Қазақстан ғылымының дамуын тілеймін. Енді мәселеге көшсек. Бірінші кезекте атап өткім келетіні, біздің манат жартылай еркін айналымға шықты. Жартылай дейтінім, Ұлттық банктың мырзасы Эльман Рустамов мәлімдегендей: «Біздің «манат» бағамы басқарылатын еркін айналымға көшті.  Бұл біздің ұлттық валюта «абақтыда» емес, еркін режимге көшірілгенін білдіреді. Ендігі кезекте манаттың толығымен «босатылуын» күтеміз. Мен осындай ұсыныс жасаған адамның қолын алсам деп едім, инженер ретінде айтарым мен мұнай бағасының төмендегенін және ұлттық валютаның еркін айналымға жіберілгенін қалайтынмын. Енді міне ол орындалды», - деді кәсіпкер.  

 «Bauchemie» компаниясының директоры  Ильгара Меликовтың айтуынша Девальвацияның жақсы тұстары да бар. Ұлттық валютаның жаңа бағамы ел экономикасының дамуына спетігін тигізеді. Естеріңізге сала кетейік, Әзірбайжанда ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында ұлттық валюта еркін айналымға жіберілді және бір уақытта өз құнының 50%-ын жоғалтты.

«Еркін айналымдағы» манат ұлттық экономикаға, шағын және орта бизнеске  көмек көрсетеді. Білімді, сауатты, қабілетті және еңбекқор адамдарға, өз білімін іс жүзінде тиімді падалана алатындарға  қамқорлық танытады. Дәл осыны біздің президент талап етіп отыр. Манаттың жаңа бағамы кегін қайтарады, одан ешкім қашып құтыла алмайды. Халықтың барлық санаты көл-көсір ақшамен құртылды. Мысалы мен, елімізде 9 жыл бойы құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізуге тырысып келген компанияны басқарамын. Мемлекет пен оның экономикасы үшін бұдан артық не керек? Бұл ретте мұнай секторын меңзеп отырмын. Жергілікті құрылыс компанияларынан нарықтағы құрылыс саласының флагманын жасақтағым келді. Ол кезде елімізде «The Crescent Development Project» сынды қиын жобалар басталмаған болатын, тіпті Әзірбайжан Президентінің жылына 4-5 станция салу туралы бағдарламасы тек жасақталынып жатқан еді. Сол азын аулақ инженерлер тобы осыны алдын ала біліп, дайындалды. Алайда біздің еліміздегі қаржыгерлер бізбен санасқан емес, қазірде санасып отырғаны шамалы. Енді «еркін айналымдағы» манат олардың бізбен санаспауына жол бермейді. Кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ, барлығы айыпты, әркім өзінен бастауы керек», - деп түйді Ильгар Меликов. 




Яндекс.Метрика