Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР жеке секторы Ұлт жоспары аясында экономика өсімінің толыққанды драйверіне айналады – сарапшы (ВИДЕО)

Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында жеке сектор экономика өсімінің толыққанды драйверіне айналады, деп ағынан жарылды Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Әсет Ирғалиев «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 24 Желтоксан, 11:29

«Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның»  53-қадамында ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру мақсатында монополиямен қызмет жұмысының тұжырымдарын өзгерту  туралы айтылған. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс», - деді ол.

Сарапшы атап өткендей, бүгінде біз экономикадағы мемлекет рөлінің төмендегенін байқап отырмыз, жекешелендіру жүргізілуде. Жеке сектор экономика өсімінің толлыққанды драйверіне айналады.

«Мемлекет өз орнына бәсекеге қабілетті нарықты қалдырады, яғни нарық экономикалық оператордан экономикалық реттеушіге айналады. Біздің монополияға қарсы орган ЭЫДҰ-ның бәсекелестік бойынша комитетімен бұрынғыданда тығыз жұмыс істейтін болады. Жаңа құралдар жасақталуда, шаралар қолға алынуда, ұзақмерзімді жоспарда ол ел экономикасына өте тиімді болады. Бүгінде заңнамалық базадағы бірқатар заңдарға Елбасы қол қойып қойды, жақын арада өзгертулердің нәтижесін көтерін боламыз», - деп түйді Ә. Ирғалиев.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика