Өңірлер

ҚР-да пиротехникалық бұйымдарды сату заңдылығы бойынша 592 рейдтік іс-шара өткізілді – ТЖК

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде «Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қағидаларын сақтау» тақырыбында брифинг өтті, деп ведомстводан хабарлады.
Нұр-Сұлтан 24 Желтоксан, 15:03

Спикер болып ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов және Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Асылбек Идрисов сөз сөйледі.

Өткен жылы да, ағымдағы жылы да жаңа жылдық іс-шаралар алдында облыстар, Астана және  Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің мемлекеттік өрт бақылау  инспекторлары ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп арнайы рұқсат етілмеген жерлерде сатылған пиротехникалық бұйымдарға рейдтер жүргізуде, пиротехникалық бұйымдардың белгілі бір саны тәркеленді.

Қысқы кезеңде кейбір азаматтардың пешпен жылыту кезінде өз үйі мен жақындарының өміріне қауіп төндіріп өрт қауіпсіздік қағидаларын  сақтамайтыны қауіп төндіреді.өрт немесе улы газбен улану «адам факторы» себептері, атап айтқанда адамдардың білместігінен, абайсыздығынан болатынын практика көрсетті. Мәселен, 2015 жылдың 11 айында пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан 1 321 өрт орын алды (2014 жылдың ұқсас кезеңінде – 1 582 өрт, 62%-ға азайды), улы газбен улану салдарынан 65 адам көз жұмды (2014 жылдың ұқсас кезеңінде 72 адам).

2015 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша  жалпы республикада базарлардағы,  дүкендердегі және басқа сауда орындарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдарда пиротехникалық бұйымдардың заңды тасымалдауға автокөлік құралдарын тексеру бойынша 592 рейдтік іс-шара өткізілді.

«Аталмыш іс-шаралар нәтижесінде пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, кіргізу, шығару қағидаларының 36 бұзушылығы анықталды. Айналымнан барлығы 1344 дана рұқсат етілмеген заттар мен бұйымдар тәркеленді», - делінген хабарламада. 





Яндекс.Метрика