Басқару

Н.Исаев: Прокурорлардың міндеті айқын құқық бұзушылықтың жасырылуына жол бермеу

Қазір прокурорлардың міндеті – ашықтан-ашық негізсіз тергеудің жолын кесу және айқын құқық бұзушылықтың жасырылуына жол бермеу, деп ағынан жарылды ҚР Бас прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау саласындағы прокурорлар қызметінің нәтижесі туралы» брифингте.
Нұр-Сұлтан 24 Желтоксан, 12:49

«Мен бүгін қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс заңдылығын қадағалау мәселесін қозғағым келеді. Аталған бағыттағы қадағалауды еліміз бойынша барлығы516 прокурорлар (жалпы санының  11%) жүзеге асырады, олар 830 мың қылмыстық істің тергеуіне қадағалау жасап, олардың 57 мыңын сотқа жолдады.  Олар 120 мың өтініш те қарады. Демек, әрбір прокурорға орта есеппен 1600-дан астам істен және 230-дан астам өтініштен келеді», - деді сөз басындаН. Исаев.

Оның айтуынша, бұрын арыз жазылған кезден бастап қылмыстық іс қозғалғанға дейін 2 ай өтуі мүмкін еді, ал бүгін хабарды Бірыңғай тізілімге тіркеу – бұл сотқа дейінгі тергеп - тексерудің басталуы болып саналады.

«Көбісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуын қылмыстық қудалаумен шатастырады. Бұлар мүлдем басқа ұғымдар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында органдар тек істің барлық мән-жайын анықтайды, ал қылмыстық қудалау бұл тұлғаны ол үшін туындайтын барлық салдарларымен нақты бір айыптау болып табылады. Яғни, біз сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жаңа үлгісін енгізе отырып, адамдарды бірінші тергеу алды тексеру кезінде сұрастырып, одан кейін тергеу барысында бірнеше рет жауап алу түріндегі бұрынғы теріс тәжірибені біржола жойдық», - деп толықтырды ҚР Бас прокурорының орынбасары.

Н. Исаев атап өткендей, қазір прокурорлардың міндеті – ашықтан-ашық негізсіз тергеудің жолын кесу және айқын құқық бұзушылықтың жасырылуына жол бермеу.





Яндекс.Метрика