Басқару

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ЕАЭО жұмыс істеген алғашқы жылды қортындылады

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы 13,5 млрд долларды құрады, деп мәлімдеді бүгін «Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық: проблемалары және перспективалары» атты сараптық талқылау барысында Ұлттық экономика министрлігі халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бакенов.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 19:38

Ұлттық экономика министрлігі халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бакенов ЕАЭО –ның табысын атап өтіп, 2015 жылдың қорытындысын жеткізді.

«Биылғы жылдың 10 айындағы ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 13,5 млрд долларды құрады. Сонымен қатар, ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикаларының жалпы көлемі 2,2 трлн доллардан асады. Одақтың барлық мүше елдерінің сыртқы сауда айналымы 1 трлн доллардан асты. Біз ЕАЭО осындай күрделі экономикалық жағдайда дамуға қосымша серпін болу үшін маңызды элементтердің бірі болады деп есептейміз. Жалпы, Кедендік одақ жұмыс жасай бастағалы бері Қазақстанның КО бойынша серіктестерімен тауар айналымы 1,6 есе өсті: 2009 жылы 13 млрд доллардан - бұл КО қалыптасқан кезең, 2014 жылы 21 млрд-қа дейін», - деді Е.Бакенов. 

Оның айтуынша, одақ жұмыс жасай бастағалы бері Кедендік одақ елдеріне қазақстандық экспорттың барлық көлеміндегі өңделген тауарлар үлесі 45-тен 58% дейін артқан.




Яндекс.Метрика