Халықаралық интеграция

Қазақстан және Германия «Назарбаев –Меркель» бастамасын белсенді жүзеге асыруда (ФОТО)

Казақстанда дуалдық білім беру саласында Германиямен ынтымақтастықты белсендіру бойынша Елбасының тапсырмасы аясында Герман білім және технология трансфері қауымдастығының шақыруымен Төменгі Саксония федералдық жеріне ҚР делегациясының жұмыс сапары өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 24 Желтоксан, 09:53

Делегацияның құрамына Елші Болат Нүсіпов және Ұлттық аграрлық білім-ғылым орталығы атқарушы директоры Байсұлу Тасболатова кірді.

Қазақстандық делегация «Аграр секторында дуалды білім беру» атты конференцияға қатысып, Төменгі Саксония федералдық жерінің Нинбург қаласындағы «Дойла-Нинбург ГмбХ» Неміс ауылшаруашылық академиясынның Дуалдық білім беру орталығын қарап шықты.

Конференция жұмысына Б.Нүсіпов, Бундестаг депутаты  Генрих Цертик, «Дойла-Нинбург ГмбХ» Академиясының басқарма директоры Бернд Антельманн, Герман білім және технология трансфері қауымдастығының басшысы Вальтер Гаук және осы аймақтың беделді іскерлік топтары қатысты.

Қазақстан Елшісі неміс аудиториясын ҚР Президенті НұрсұлтанНазарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: -өсім, рефоомалар, даму» жолдауының негізгі аспектілерімен, «Нұрлы жол – Болашаққа жол» жаңа экономикалық саясатымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныстырды және осы стратегиялық құжаттар аясында екіжақты ынтымақтастықтың кеңейту мүмкіндіктерін  белгіледі.

Іс-шара барысында неміс компаниялардың еліміздің нақты инвестициялық жобаларда қатысуы және Германияның қатысуымен аграрлық салада қазақстандық мамандарды дайындау мәселелері талқыланды. Неміс тарапы алдағы уақытта Қазақстан Республикасында «Герман-қазақ аграрлық академияны» ашатыны туралы мәлімдеді. Оның негізінде аграрөнеркәсібі кешені саласында бірінші Неміс дуалды білім беру орталығы салынады.

Неміс кәсіпқой-техникалық білім беру моделін Қазақстанда енгізу бойынша «Назарбаев – Меркель» бастамасын жемісті жүзеге асыру мақсатында «Дойла-Нинбург ГмбХ» Неміс ауылшаруашылық академиясы және ҚР Ұлттық аграрлық білім-ғылым орталығы арасында аграрлық секторда дуалдық білім беру жүйесі бойынша кадрларды әріптестік дайындау   туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат елімізде неміс алдыңғы қатарлы тәжірбисі негізінде ауылшарушылық саласында мамандарды дайындау орталықтың құрылуын көздейді. Осы мекеменің жұмысы Қазақстанда индустриалды-инновациялық даму үдерісіне өз үлесін қосады және осылайша елдің аграрөнеркәсіп кешенге неміс алдыңғы қатарлы технологиялардың трансферіне негіз құрайды.





Яндекс.Метрика