Басқару

Ақмола облысында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Ақмола облысының әділет департаментінде үйлестіру кеңесі мүшелерінің және Ақмола облысының Ішкі істер департаменті, қылмыстық атқару жүйесі департаменті, прокуратура, сот және «Үміт сәулесі» қоғамдық қоры өкілдерінің қатысуымен кезекті жиналыс өткізілді, деп ведомстводан хабарлады.
Ақмола 24 Желтоксан, 13:46

Алқа жиналысында әлеуметтік маңызды сипаттағы (алимент, жалақы) атқару өндірістері санаттары бойынша жұмысты жақсару бойынша прокуратура, ішкі істер департаментімен бірлескен шараларды ұйымдастыру, борышкерлерді іздеу бойынша өзара әрекет туралы бірлескен меморандум және учаскелік полиция инспекторларын іздеуге белсенді қосу бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, ұлттық превентивті механизм мүшелеріне Қазақстан Республикасының «Ұлттық превентивті механизм туралы» Заңын жүзеге асыру және насихаттауға ықпал ету мәселесі талқыға түсті.

Жиналыс қорытындысы бойынша ісшаралардың үйлестірушісі әділет департаменті болып табылатын мүдделі ведомстволардың жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Топ мүшелеріне ведомствалар басшылығы деңгейінде айына бір реттен кем емес, ал қорытынды өткізуді тоқсан сайын бір реттен кем емес өткізу қажеттігі шешілді.





Яндекс.Метрика