Білім беру

М.Әбенов: Қазақстанда еңбек ресурстарының ішкі көші-қонына жағдай жасау керек (ВИДЕО)

Елімізде еңбек ресурстарының ішкі көші-қонына жағдай жасау керек, деп ағынан жарылды «Серпін»ұлттық біліктілікті арттыру орталығы»АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 23 Желтоксан, 18:19

«Жолаудағы маңызды тақырыптардың бірі, жастардың кәсіби білім алуы болатын. Бүгінде аталмыш мәселе күнтәртібінен түспей отыр, себебі экономиканың өсімі  білікті кадрларсыз мүмкін емес. Зауыттарды салуға, фабрикаларға ақша құюға, жаңа құралдарды сатып алуға болады, алайда егер онда жұмыс істейтін ешкім болмаса не істейміз», - деді ол.

Сарапшының айтуынша,  бүгінде мамандарды дайындау өте маңызды мәселе болып отыр. «Еліміз бойынша жағдай қиын, 5 аймақта еңбек ресурсты тым көп болса, 9 аймақта ол жеткіліксіз. Бұл мәселені шешу үшін еңбек ресурстарының ішкі көші-қонына жағдай жасау керек, екіншіден көшетін кадрлар  дайын болуы тиіс, міне осы қос міндетті бірге алып жүру керек», - деп жалғастырды сарапшы.   

М. Әбенов атап өткендей,  біріншіден шектен тыс еңбек ресуртарын ол тапшы аймақтарға ауыстыру және оларды сәйкесінше дайындау керек. Осы ретте дуалды білім беру жүйесіне пайдаланған маңызды. Яғни жергілікті оқу орындары мен колледждер теориямен тәжірибені ұштастыра отырып мамандарды дайындауы тиіс.  

«Осымен екінші жыл қатарынан «Серпін» жобасы жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы ол грант бойныша 2 мың адам, биыл 6 мың адам оқуға түсті. Бұл жоба өзінің өзектілігін дәлелдеді», - деп баса айтты ол.   

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика