Ұлтаралық бірлік

Л.Ни: ҚХА мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуына септігін тигізеді

Қазақстан халқы Ассмаблеясының қызметі мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуына септігін тигізеді, деп ағынан жарылды Корей музыкалық комедия республикалық театрының директоры Любовь Ни «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 19:23

«2015 жыл еліміз үшін айтулы жыл болды. 2015 жылдың басты атаулы белгілерінің бірі Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, бұл туралы Ұлт көшбасышысы Н.Назарбаев өз сөзінде бірнеше рет айтқан болатын», - деп мәлімдеді ол.

Л.Нидің айтуынша, ҚХА-20 жылдығы – Елбасының жаһандық бастамасы, ол бірегей қоғамдық саяси институт, түрлі этнос пен конфессия өкілдері қарым-қатынасының үздік үлгісі, ҚР конституциясының кепілі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының дәрежесі ерекше жоғары.  Ассамблеяның қызметі  ұлтаралық қарым-қатынас проблемасын тиімді шешетін мемлекет ретінде халықаралық беделінің артуына септігін тигізуде.  Сондай-ақ, менің ҚХА мүшесі ретінде айтарым 2015 жылы 20-жылдық аясында көптеген шаралар өткізілді. Оған Ассамблеяның барлық құрылымдары, этномәдени бірлестіктері, жалпы күллі Қазақстан халқы  тартылды», - деп түйді Л. Ни.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика