Адами капитал

ҚР Ұлттық гвардиясы Жаңа жыл түніне дайындалуда

Астанада Жаңа жыл түні Ұлттық гвардияның 700-ден астам әскери қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы « Strategy2050.kz»АА берген сұхбатында №5573 әскери бөлімі командирінің орынбасары Болат Смағұлов хабарлады.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 20:07

«Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №5573 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Алдағы Жаңа жыл түнінде мерекенің салтанаттылығын ескере отырып Астанадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері борышын күшейтілген режимде атқарады», -  деді Болат Смағұлов.

5573 әскери бөлімі командирі орынбасарының айтуынша, әскери бөлім қызметкерлері мереке күндері мен қақаған аязда Астанадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді.   Осы ретте жаңа жылдық түнде кезекке түсетін құрам кезең кезеңімен дайындықтан өтуде. Оның ішіне тәрбиелік шаралар,   теориялық және тәжірибелік дайындықтан тұратын нұсқаулық сабақтар кіреді. Бастысы – борышын өтеу кезеңіне жауынгерлік жарлық алу.

«Астана қаласында Жаңа жыл түні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін  Ұлттық гвардияның 700-ден астам әскери қызметкерін тарту жоспарлануда. Әскерге шақыртылғандарға дәл осы күні борышын өтеу екі есе жауапкершілікті жүктейді», - деп атап өтті Болат Смағұлов.

 Данияр Қасымов




Яндекс.Метрика