Қалаларға шоғырлану

Астананың азық-түлік белдеуінде 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді

Азық-түлік белдеуі шегінде, соның ішінде Астанада азық-түлік өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласында 916 кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 10:09

Азық-түлік белдеуі аймағынан негізінен ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, бал, жұмыртқа, күнбағыс майы, картоп және көкністер жеткізіледі.

«Қала аумағында келесі мекен жайлар бойынша 12 сауда павильоны жұмыс істейді. Сауда павильондарында тұрақтандыру қорының тауарлары және басқа да әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері төмен бағамен сатылады. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 10 пайыздық жеңілдік қарастырылған», - делінген хабарламада.  

Бұдан басқа, елордада төмен бағамен тағам өнімдері сатылатын «Шапағат» комуналдық базары жұмыс істейді. 




Яндекс.Метрика