Халықаралық интеграция

2015 жылы Н.Назарбаев шетелге сапары аясында шамамен 300-ге жуық келісімшартқа қол қойды

2015 жылы Мемлекет басшысы шетелге сапары аясында шамамен 300-ге жуық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 18:36

«Маңызды аспект Мемлекет басшымыздың дипломатиялық халықаралық қызметі екендігі анық. Мемлекет басшысы сапарының және біздің елімізге жасалған сапарлардың аясында осы жылы жүзеге асырылған келісімшарттар мен уағдаластықтардың көлемі 60 млрд. шартты бірліктен асып жығылады. Шамамен 300 келісімшартқа қол қойылды. Теңгемен айтқанда бұл сома 170 трлн. теңгені құрайды», - деді Е.Ыдырысов.  

Жалпы, 2015 жылы Мемлекет басшысы 13 сапар жасап, 32 мемлекет, үкімет басшыларын және басқа да жоғары шенді шетелдік қайраткерлерді қабылдады. Елімізге 70 сапар жасалды. 




Яндекс.Метрика