ҚР ИИДМБ

Қазақстандық кәсіпорындар темір жол өнімі түрлерін екі есеге арттырды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мемлекеттік индустриялық инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға белсенділікпен қатысып келеді. Қазақстанның машина жасау саласын дамыту Бағдарламасы аясында қысқа мерзімде ғана елімізде темір жол көлігі машинасын жасау саласы бой көтерді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 16:54

«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол көлігі машиналарын жасау зауыттарындағы жергілікті өнімдерді пайдалану үлесі 23 пайызға жеткізілсе, оны 2017 жылға қарай 60 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мәселен. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ –да жергілікті өнімдер үлесі 32 пайызға жеткізілді. Соңғы бес жылда 296 тепловоз шығарылса, оның 294 -жүк тартымына, екеуі жолаушылар пойызын сүйреуге арналған. Алдағы уақытта дизел қозғалтқышы мен электр двигателі тартымы құрылғыларын игеруге қатысты жергілікті үлесті 53 пайызға дейін көтеруге болады.

Қазіргі кезде қазақстандық тепловоздар Тәжікстан, Қырғызстан, Украина, Түркменстан, Әзірбайжан елдеріне жеткізілуде. Көршілес мемлекеттердің магистральдерінде  21 қазақстандық тепловоздар жүйткіп жүр.

Қазіргі таңда ирандық теміржолшылар қазақстандық «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарына қызығушылық танытып отыр. 2015 жылғы қазанда Иранда сериялық сынақ өткізіліп,  енді оны жеткізу жолдары туралы келісім жасақталуда. Сонымен қатар 500 жолаушылар вагоны, локомотивтер, дизель қозғалтқыштары, жүк вагондары мен Ақтөбе рельс арқауы зауытының өнімдерін алуға Меморандумы талқылануда.

Соңғы екі жылда «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС 37 электровоз шығарды. Зауыт экспорттық әлеуетке ие. Бүгінге дейін Әзірбайжан темір жолына 50 электрово зды жеткізуге келісім жасалды.

«Ақтөбе рельс арқауы зауыты» ЖШС жылына 400 мың тонна прокат шығаратын болса, оның 200 мың тоннасы ұзындығы 120 метрлік рельстер.  Мұндай ұзындықтағы рельсті шығаратын өндіріс орны ТМД елдерінде Қазақстанда ғана игерілді. Келесі жылдан бастап, зауыт өнімдері экспортқа шығарыла бастайды. АРАЗ дайын өнімдерін алуға Әзірбайжан, Белорусь, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан темір жол әкімшіліктерімен Меморандумдарға қол қойылды.

Үстіміздегі жылғы желтоқсанда Астанада жылына 200 дана өнім шығаратын қуаты бар GEVO дизель қозғалтқыштары зауыты іске қосылды. Зауыт сонымен қатар двигателдерге күрделі жөндеулер мен түрлі сапалы  қызмет түрлерін көрсетеді.




Яндекс.Метрика