Ұлттың денсаулығы

2016 жылы «СК-Фармация» мыңнан астам дәрі-дәрмек заттары мен ММБ 101,9 млрд теңгеге сатып алуды жоспарлауда

«СК-Фармация» ЖШС 2016 жылы жалпы сомасы 101,9 млрд теңгені құрайтын 1 034 атаулы дәрі-дәрмек заттары (ДЗ) мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) сатып алуды жоспарлауда, деп хабарлады «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 15:21

«Ағымдағы жылдың 25 қарашасындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 78,6 млрд теңгені құрайтын 830 атаулы ДЗ және ММБ сатып алу операциялары сәтті аяқталған. Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберіндегі Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу үлесі 72%-ды құрады, олардың ішінде Бірыңғай дистрибьютордың отандық өнім өндірушілерден сатып алу үлесі 75 пайызға тең. Ал жалпы жеткізілімдерді еліміздегі 1 086 медициналық ұйым іске асырды», - деді Н. Әлібаев.

Сондай-ақ, бұрынырақта жасалған келісімдердің нәтижесінде 2016 жылға арналған препараттар көптеген позициялар бойынша теңге бағамына енгізілген түзетуге дейінгі бағамен сатып алынған. Сондықтан да «СК-Фармация» ЖШС 2016 жылы жалпы сомасы 101,9 млрд теңгені құрайтын 1 034 атаулы дәрі-дәрмек заттары (ДЗ) мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) сатып алуды жоспарлауда.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика