Инвестициялар

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры БЖК аясында несиелендіру үшін 1 467 млн теңге бағыттайды

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша несиелеуді ашты. Жаңа бағдарлама бұрыңғы моноқалаларды дамыту бойынша бағдарламасын алмастырады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 15:49

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен несиелендіру талаптарына өзгерістер енгізілді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында берілетін несиелер моноқалалар, шағын қалалар, ауылды елдімекендерде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын қолдауға бағытталады.

Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаевтың айтуынша, қарыздың максималды сомасы – 10 миллион теңгеге дейін, сыйақы үстемесі – 6%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі – 6,7%. Шағын несиелер 4,5 жылға дейін мерзімге беріледі, соның ішінде негізгі борыш пен сыйақыны төлеу бойынша жеңілдетілген мерзім қарастырылған. Шағын несиелер өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейтуге салалық шектеулерсіз беріледі.

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптардың ішінде – салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің, екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржы институттарының алдында мерзімі өткен берешектің болмауы, несиелеуге мүмкін несие тарихы, қарызды мақсатты пайдалануды бақылау үшін қажетті құжаттарды беру.

Сонымен қатар, өзгерістер шағын қаржы (шағын несие) ұйымдарын несиелеу бағдарламасына да енгізілді. Енді ШҚҰ (ШНҰ) үш бағыт бойынша (ауылда, моно-, шағын қалаларда әрі-қарай шағын несиелеу үшін; «Жұмыспен қамту – 2020 Жол картасы» бойынша несиелеу; көктемгі-дала және күзгі жиын-терім жұмыстарды қаржыландыру үшін) несиелендіруден басқа, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша ауылды елдімекендерде, моно-, шағын қалаларда өз қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін әрі-қарай шағын несиелеуді жүргізеді.

Бұл бағдарлама бойынша да салалық шектеулер қойылмаған. ШҚҰ (ШНҰ) үшін берілетін қарыз сомасы – 10 миллионнан 350 миллион теңгеге дейін, түпкі қарыз алушылар үшін – 10 миллион теңгеден аспайды.

Алмас Таубаевтың мәліметі бойынша, моно- және шағын қалалар тізілімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 Қаулысымен бекітілген 2020 жылға дейін аумақтардың даму бағдарламасында көрсетілді. Ауылды елдімекендер - моно-, шағын қалаларға, сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын  елдімекендер болып табылады.

Жалпы, бұл бағдарлама бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бір жылдың ішінде 1 467 миллион теңге бағыттауды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика