Халықаралық интеграция

Б.Обама Н.Назарбаевты Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке шақырды

АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 2016 жылы Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке шақырды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 13:44

«Келесі жылғы сапарлар кестесі әлі де болса нақтылану үстінде. Дегенмен, келесі жылдың наурыз айының соңында Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит сынды ірі оқиғаның өтетіндігін айтқым келеді. Антиядролық қозғалыстың белсенді қатысушысы ретінде біздің Мемлекет басшымыз, әрине, оған шақыртылады және америкалық көшбасшы тарапынан бұл саммитке шақырту алды да», - деді Е.Ыдырысов.

Сонымен қатар министр сәуір айында Түркияда Ислам ынтымақтастық ұйымы саммит жоспарланып отырғандығын, Ташкентте ШЫҰ, Қырғызстанда түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысы өтетіндігін  айтты.

«Біздерде түрлі мемлекеттерден көптеген шақыртулар бар, біздің елге келуге ниеттілердің қатары да мол. Қазіргі уақытта мұның барлығы сарапталу үстінде. Өйткені, мемлекет көшбасшыларының халықаралық кестесі өте қиын, ел ішінде де ірі шаралар бар. Өздеріңіз де білетіндей, келесі жыл - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Сондықтан да халықаралық кестенінің соңғы нұсқасын бекіту өте қиын. Бірақ, Мемлекет басшысының нақты бюджеті қалыптастырылады деп күтіп отырған ірі шараларды жария етіп отырмын», - деді ведомство басшысы.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика