Инфрақұрылымның дамуы

Ақмола облысында жол бойындағы сервистік қызмет көрсету дамып келеді

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Есіл ауданында және Ақсай ауылында болды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Ақмола23 Желтоксан , 20:43

Аймақ басшысы Ақсай ауылында болып,  осындағы орта мектеп,  шағын орталық және жол бойындағы сервистік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстармен танысты. Қызмет көрсетудің бұл түрі өңірде қарқынды дамуда. Соның бірі жаңадан салынған «Сұлтан» шағын мейманхана және 50 адамға арналған дәмханасы бар кешен. Екі қабатты ғимаратты салу үшін 16 миллион теңге қаржы жұмсалған. 

Кәсіпкер Бейбіт Сұлтановтың айтуынша,  жуырда ғана ашылған кешен қазірдің өзінде табыс әкеле бастады. Әсіресе,  жаңа жыл қарсаңында тапсыр көбейе түсуде. Кәсіпкер алдағы уақытта қызмет көрсету аясын кеңейту арқылы бизнесін дамытуды жоспарлап отыр.

Кешенді аралап көрген аймақ басшысы осында келушілермен кездесіп,  пікірлеріне құлақ түрді. 

«Бүгінгі күні Мемлекет басшысы бізге шағын және орта бизнесті дамыту міндетін қойып отыр. Сондықтан бұл жоба ауылдық жерде бизнестің дамып келе жатқанының айқын дәлелі», - деп атап өтті облыс әкімі. 

Айта кетейік,  бұл Есіл ауданында қолға алынған жол бойындағы сервистік қызмет көрсету бағытындағы жалғыз жоба емес. Қазіргі кезде аудан бойынша осындай 6 жоба жүзеге асырылуда. 




Яндекс.Метрика