Адами капитал

А.Айымбетов Астана қаласындағы «Қазғарыш» мектеп-лицейіне барып қайтты

Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Республикасының авиация полковнигі Айдын Айымбетов Астана қаласындағы № 50 мектеп-лицейіне («Қазғарыш») барып қайтты, деп хабарлады Қазғарыш.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 16:21

Осы іс-шараның барысында А. Айымбетов «Қазғарыш» лицейінің ұжымымен және оқушыларымен кездесіп, ол Халықаралық ғарыш станциясында жасаған Қазақстан Республикасының Бесінші ғарыштық бағдарламасының зерттеулері мен тәжірибелері туралы әңгімелеп берді.

«Мен бала кезімнен ғарышкер болуды, ғарышқа ұшуды, ғарыш кеңістігін көруді армандайтынмын және менің бұл арманым орындалды. Сондықтан үнемі армандаңдар, алдарыңа мақсат қоя біліңдер, сонда ғана сол армандарың міндетті түрде орындалатын болады», – деді ұшқыш-ғарышкер.

А. Айымбетовпен әңгімелесу кезінде «Қазғарыш» мектеп-лицейінің оқушылары өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктеріне ие болды. Ғарышкер оқушылардың қойған сұрақтарына жан-жақты, әрі толық жауап берді.

Кездесу соңында Айдын Айымбетовті мектеп мұражайына қойылған экспонаттармен таныстырды.




Яндекс.Метрика