Парламент

Қ.Жақыпов: Елбасының сенімін болашақта жұмысымызбен ақтауымыз керек

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата төрағасы Қабиболла Жақыпов депутаттардың ағымдағы жылғы жұмысын қорытындылады.
Нұр-Сұлтан 23 Желтоксан, 12:24

«Санаулы күндерден кейін қой жылымен де қош айтысамыз. Аяқталып келе жатқан 2015 жыл оңай кезең болған жоқ, әлемді шарпыған дағдарыс пен жаһандық қатерлер біздің елге де өз әсерін тигізді. Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айтқандай, «Бүгінгі ахуал біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз». Осы бағытта Еліміздің мемлекеттік тұғырын бекемдеуге, құқықтық негізін одан әрі нығайтуға Парламент депутаттары ретінде Сіздердің қосқан үлестеріңіз зор», - деді Қ.Жақыпов.

Мәжіліс төрағасы депутаттық корпусқа, парламенттік фракциялардың, Қазақстан 
халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшелеріне, аппарат қызметкерлеріне ел игілігі үшін атқарған қызметі үшін алғыс айтты.

«Келесі жыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Сондай-ақ, біз халқымыздың азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күресінде ерекше орны бар бірқатар айтулы оқиғаларды атап өтеміз. Келесі жыл - парламенттік сайлау өтетін жыл. Осыған орай біз алдымызда тұрған міндерттерді лайықты түрде атқарып, халқымыздың, Елбасының сенімін ақтауға тиіспіз», - деді ол.

Сонымен бірге, палата төрағасы атап өткендей, келесі жыл ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың соңғы жылы. Бұл мемлекетіміз, халқымыз үшін үлкен сынақ болатын іс-шара.

"Әрине, Парламент пен барша депутаттар да оны жоғары деңгейде өткізуге күш салады. 
Келе жатқан 2016 жыл жаңа белестерге, жаңа биіктерге көтерілетін жыл болсын", - деп Мәжілістің осы жылдағы соңғы отырысын жапты Қ.Жақыпов.





Яндекс.Метрика