Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы батыс аймақты аралады

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин еліміздің батыс аймағында орналасқан құрылымдар мен әскери бөлімдерді аралады, деп хабарлайды «Стратегия 2050» ресми сайты.
Маңғыстау29 Тамыз , 00:00

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин еліміздің батыс аймағында орналасқан құрылымдар мен әскери бөлімдерді аралады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласында генерал-лейтенант Сорокин батыс гарнизонындағы барлық құрылымдардың, бөлімдердің командирлерімен кеңейтілген жиналыс өткізіп, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттарымен кездесті.

– Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы арқасында біз заманауй, қорғануға қабілетті, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын мықты армия құрдық. Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында біз үнемі ұшу шеберлігінің кәсіби деңгейін арттырудамыз, офицерлер құрамының санаттық дәрежесін жетілдірудеміз,-деп атап өтті генерал Сорокин командирлермен болған кеңейтілген жиналыста.

 Ақтау гарнизонында бас қолбасшы авиациялық базалардың және еліміздің батысында әуе шебін қорғап тұрған шалғайдағы бөлімшелердің тыныс тіршілігімен танысты. Сондай-ақ ол Әуе қорғанысы күштеріне қарасты бөлімдердің әскери тәртібі мен жауынгерлік дайындығын тексерді. Әсіресе Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында салынып жатқан әскери қалашықтың құрылысына баса назар аударды. Ағымдағы жылы мұнда әскери қызметшілерге арналған жатақхана пайдаланылуға беріледі. Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Атырау қаласында орналасқан әскери бөлімдерге да ат басын бұрды.  




Яндекс.Метрика