Парламент

ХҚҚДБ инновацияларды ынталандыру жобасын қаржыландырады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 12:19

«Бұл келісім ағымдағы жылдың маусым айында Астана қаласында жасалған. Келісімге сәйкес, Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын қаржыландыруға 88 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз береді. Аталған қарыздың өтеу мерзімі бес жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 15 жылды құрайды. Төленуге тиісті біржолғы комиссия қарыз сомасының  0,25 пайызына тең», - деді ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Ведомство басшысының айтуынша, жобаның мақсаты жоғары сапалы, ел үшін өзекті зерттеулер жүргізуді, технологияларды коммерцияландыруды ынталандыру болып табылады. Сонымен қатар, жоба инновациялар үшін білім базасын дамыту, инновациялық консорциумдар, технологияларды коммерцияландыру циклін шоғырландыру, ұлттық инновациялық жүйені шоғырландыруды күшейту секілді бөлінтерден тұрады.

Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру ғылыми өндірістік байланысты ынталандырып, технологиялық инкубациялық циклін дамыту арқылы инновацияларды дамытуға жол ашады. Өнімділікті арттыруға және экономиканың бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.

 Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады. 




Яндекс.Метрика