Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов:Қазақстандықтар 19 мемлекетке визасыз сапарлай алады

Еліміздің дипломатиялық қызметі төлқұжаттың барлық түрлерімен визасыз сапарлау туралы келісім жасасу саясатын жүргізуде. Қазіргі уақытта бізде мұндай 19 келісім бар, деп ағынан жарылды деп ағынан жарылды ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 12:06

«Келесі жылдың бірінші тоқсанында біз қазақстандық виза берудің жаңа ережесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңа ережелердің басты мәні - виза алу тәртібін жеңілдету, біздің елімізге келгісі келетін шетелдік азаматтар үшін оны ыңғайлы жасау, Әрине, одан кейін оны заманауи қалыпқа түсіргіміз келеді», - деді министр.

Ведомсвто басшысы атап өткендей, еліміздің дипломатиялық қызметі қазақстандықтардың шетелге баруын және шетелдіктердің біздің елімізге келуін барынша жеңілдетуге күш салуда.

«Біз төлқұжаттың барлық түрлерімен визасыз сапарлау туралы келісім жасасу саясатын жүргізудеміз. Қазіргі уақытта бізде мұндай 19 келісім бар. Яғни, қазақстандықтар жалпыазаматтық төлқұжатпен визасыз 19 елге бара алады. Біз қол қойған соңғы келісім Куба мемлекетімен арада орын алды. Естеріңізге сала кетсем, өткен жылы біз мұндай келісімді Бразилия, Мексика және Латын Америкасының басқа да бірқатар мемлекетімен жасасқан болатынбыз», - деді Е.Ыдырысов.  

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика