Парламент

Мәжіліс Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес конвенциясын ратификациялау туралы заңжобасын мақұлданды

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлданды.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 12:01

Аталған конвенция 1960 жылы БҰҰ-ның сессиясында қабылданған. Бұл құжат БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларындағы білім беру саласындағы кемшіліктерді жоюдың кепілдеме жүйесін құруға бағытталған.

«Конвенциядағы "кемсітушілік" сөзі нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік тегі, экономикалық жағдайы немесе туу белгілері бойынша кез келген айырмашылықты, жоққа шығаруды, шектеуді, артықшылық беруді қамтиды, оның мақсаты немесе салдары білім беру саласындағы қарым-қатынас теңдігін жою немесе бұзу болып табылады. Оның мақсаты - адам құқықтарының жаппай сақталуын және барлығының білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұлттар арасындағы ынтымақтастықты орнату, сондай-ақ білім беру саласындағы кез келген кемсітушілікті жою және жалпыға бірдей мүмкіндіктер теңдігі мен осы саладағы барлығына бірдей қарым-қатынасты көтермелеу», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Сонымен,  конвенция тараптары болып табылатын мемлекеттер білім беру саласындағы кемсітушілік сипатындағы барлық заңнамалық қаулылар мен әкімшілік өкімдердің күшін жоюға, оқу ақысына, стипендия беруге және оқушыларға кез келген басқа да көмек көрсетуге, сондай-ақ шетелде білім алуды жалғастыру үшін қажет болуы мүмкін рұқсаттар мен жеңілдіктерге қатысты мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай ерекшелік көрсетуге жол бермеуге, шетел азаматтарына өз азаматтары сияқты дәл сондай білім алуға қолжетімділікті ұсынуға міндеттеледі.




Яндекс.Метрика