Халықаралық интеграция

ҚР СІМ: БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға бірдей декларация - Н.Назарбаевтың үлкен дипломатиялық жеңісі

БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында Қазақстан тарапы бастамашылық еткен Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға бірдей декларация бекітілді. Біздің пайымымызша бұл Елбасының үлкен дипломатиялық жеңісі. Бұл туралы ОКҚ-да ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов хабарлады.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 11:54

«2015 жылғы 7 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында Қазақстан тарапы бастамашылық еткен Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға бірдей декларация бекітілген болатын.  Ал, Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау туралы бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы сәуір айында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі бірінші саммиттің барысында ұсынған», - деді сөз басында СІМ басшысы.

Оның айтуынша, бұл Қазақстанның бастамасымен осындай маңызды мәселе бойынша  қабылданған алғашқы резолюция.

«Бес жыл бойы біз БҰҰ-мен келіссөздер жүргіздік. Көптеген елдерде өздеріне тін ерекшеліктер бар. Алайда бұшл резолюция басым дауыспен қабылданды. Біздің пайымымызша бұл Елбасының үлкен дипломатиялық жеңісі», - деп толықтырды Е.Ыдырысов.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика