Парламент

Б.Сұлтанов: Азия даму банкі беретін қарыз 2016 жылғы бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Қарсы циклдік дамуды қолдау) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 11:43

«2015 жылғы 18 қарашада қабылданған ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1 млрд. АҚШ доллары сомасындағы Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімге қол қойылған. Қаражат 2016 жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады», - деп баяндады ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, бұл қаражат елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қолдауға және Үкіметтің экономиканы ынталандыру және экономикалық өсуге ыпалдасу жөніндегі стратегиялық шараларының орындалуына мүмкіндік береді.

«Азия Даму Банкінің 1 млрд. АҚШ доллары сомасындағы қарызы 3 жылдық жеңілдік берілетін кезеңді қоса алғанда, 5 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Қаржы министрлігі қарыз туралы келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын болады. Көрсетілген қарыз қаражаттарының бекітілген бюджет тапшылығы жағдайындағы қажеттілігін ескере отырып, аталған келісімнің тез арада күшіне енуі маңызды болып табылады, өйткені қарыз АДБ-ның арнайы қорымен Қазақстан Республикасы үшін 2015 жылға резервтелген», - деді министр. 




Яндекс.Метрика