Инфрақұрылымның дамуы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданын газдандыру үшін 3 млрд теңге бөлінді – әкімдік

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда облысында 23,5 млрд. теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Соның 3 млрд. теңгеге жуық бөлігі – Жаңақорғанның үлесінде, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі.
Қызылорда23 Желтоксан , 12:52

«Жаңақорған аудан әкімі Руслан Рүстемов хабарлағандай, жұмыс басқа аудандарға қарағанда кеш басталғанымен кентте жоспарлы 283,4 шақырым газ құбырының 280,4 шақырымы аяқталды. Газ тарату құбырлары мен 27 дана ШГРП орнатылды. Бүгінде 8-і қосылып тұр, жыл соңына дейін тағы 3-уі қосылады. 

«Осылайша облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында келесі жылға жоспарланған газдандыру жобасы мерзімінен бұрын басталды. Мұндай мүмкіндікті ел игілігіне пайдаланудың ықпалы орасан. Демеушілер есебінен мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен 15 отбасына тегін көгілдір отын кіргізіп беру бағытында жұмыстар жасалды», - деді Руслан Рүстемов. 

Айта өтейік, газдандыру жұмыстарының бас мердігері – «Астана Строй Концерн» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 155 адам тартылса, соның басым бөлігі – жергілікті жерден. 




Яндекс.Метрика