Парламент

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараға қатысты жасалған келісімге өзгерістер енгізетін заң жобасын мақұлады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерісті енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 11:29

Айта кетейік, аталған келісім 2013 жылы Астанада Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасында жасалды.

«Қырғыз тарапымен өткізу пункттері туралы қолданыстағы келісімде нақты шекарадан 20 шақырымда орналасқан Мерке темір жол өткізу пункті орнатылған. Осыған байланысты физикалық шекараға өткізу пунктін ауыстыру мақсатында 2003 жылы қырғыз тарапымен шекарадан 3 шақырымда орналасқан Шалдабар станциясына өткізу пунткін ауыстыруды қарастыратын мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы Қазақстан мен Қырғыз Республикасының үкіметтері арасындағы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Мемлекеттік шекараға тікелей жақын орналасуы шекаралық бақылауды жүзеге асыруда мемлекеттік шекарадан өту сызбасын оңтайландыруға, қауіпсіздікті арттыру мен кесіп өту тәртібін ықшамдауға ықпал етеді», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.




Яндекс.Метрика