Инвестициялар

Павлодар облысында автомобильдерге арналған алюминий дискілерін жасап шығаратын зауыттың құрылысы жоспарлануда

Облыс әкімі Қ. Бозымбаев «СибИнвестГруп» холдингінің өкілдерімен кездесіп, Павлодар облысы аумағындағы бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп әкімдіктен хабарлады.
Павлодар23 Желтоксан , 12:36

Кездесу шеңберінде үш жобаның тұсаукесері өткізілді.Бірінші жоба бойынша автомобильдерге арналған алюминий дискілерін жасап шығаратын зауыттың құрылысы көзделіп отыр. Жоба бойынша жылына 1 млн. 800 мың дана өнім шығару және екі жүз жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауытта шығарылатын өнім сапа мен стандарттаудың әлемдік деңгейдегі талаптарына сәйкес келеді.     

Облыс әкімі атап өткендей, алюминий дискілерін жасап шығару жобасын жүзеге асыру Павлодар облысының аумағында алюминий кластерін құрудың келесі кезеңі болып табылады.  

Басқа жобалар шеңберінде де өзара әрекеттестіктің мәселелері қаралды. Өндірістік және қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта кәдеге жарату бойынша зауыттың құрылысы ҚТҚ-дан соңғы өнімді (жылу, электр энергиясы және т/б) шығаруға, сонымен бірге көмілуге тиісті қалдықтардың  2% деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Медициналық тоқыма маталарды өңдеу бойынша жуу комбинатын іске қосу. Жоба бойынша  медициналық тоқыма маталарын өңдеудің толық кезеңін іске қосу, яғни емделушілердің ішкі ауру қоздырғыштарын жұқтыру қаупін 35%-ға төмендеуі көзделіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында өткен «Ертіс инвест-2015» Халықаралық инвестициялық форум шеңберінде Павлодар облысының әкімдігі және «СибИнвестГруп» холдингі  арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Қ. Бозымбаев нақты тапсырмалар берді.




Яндекс.Метрика