Евразиялық одақ

ЕЭК ЕАЭО-да ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасын мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасын мақұлдады.
Әлемде23 Желтоксан , 10:29

ЕЭК-тың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ЕЭК-тың энергетика және инфрақұрылым бойынша министрі Таир Мансуров атап өткендей,  бұл құжат ЕАЭО туралы келісімге сай жасалды. Келісімге сәйкес Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бойынша  2016 жылдың 1 қаңтарына дейін сәйкесінше тұжырымдама, ал 2018 жылдың бірінші қаңтарына дейін арнайы бағдарлама жасақталуы керек.  Бағдарлама аясындағы барлық шаралар 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асырылып бітуі тиіс. Содан соң мемлекеттер ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық келісімді жасақтап, оның 2025 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей күшіне енуін қамтамасыз ететін болады.

Құжатта негізгі мақсаттар, міндеттер, өлшемдер мен ортақ газ нарығын қалыптастыру кезеңдері, оның функционалды құрылымы, нарық субъектілерінің өзара жұмыс істеуі көрсетілген.

Жалпы, Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру үш кезеңде жүзеге асырылатын болады. 




Яндекс.Метрика