Инвестициялар

Қызылорда облысында ЖМӘ негізінде 2,9 млрд. теңгеге 14 жоба жүзеге асырылды

Қызылорда облысындағы «Байқоңыр» ӘКК аймақтық институты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 2011 жылдан бері құны 2,9 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны жүзеге асырды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Қызылорда23 Желтоксан , 16:04

Осы ретте, 19 біріккен кәсіпорын құрылып, оның 8-і корпорацияның үлесін сатып алды. 385 жұмыс орны құрылды.

«Қазіргі күні құны 21,2 млрд. теңге болатын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ондағы корпорацияның қаржылық үлесі 24 пайызды құрайды. Нәтижесінде 327 жаңа жұмыс орны құрылады», - деді «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде «Байқоңыр» ӘКК төрағасының бірінші орынбасары Н.Ахатов.

Одан бөлек, жеке инвесторлардың үлесі 70 пайызды құрайтын 79,4 млрд. теңгенің 7 жобасын орындау жоспарланған. 




Яндекс.Метрика