Басқару

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,4%-ға өсті

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,4%-ға өсіп (жылдың басынан 2,2%-ға өсті) 2015 жылғы қарашаның соңында 12 368,6 млрд. теңге болды, деп хабарлады Ұлттық банк.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 20:26

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 8 485,4 млрд. теңге (жылдың басынан 0,9%-ға төмендеді), шетел валютасымен – 3 883,2 млрд. теңге (жылдың басынан 9,7%-ға өсті) болды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 68,6% болды.

Ұзақмерзімді кредиттеу көлемі 2015 жылғы қарашаның соңында бір айда 3,0%-ға, қысқамерзімді – 2 281,2 млрд. теңгеге (бір айда 5,0%-ға өсті) ұлғайып, 10 087,3 млрд. теңге болды.

Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 2015 жылғы қарашаның соңында 8 180,0 млрд. теңгеге дейін 5,2%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға 4 188,6 млрд. теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 33,9% болды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 3,0%-ға ұлғайып, 2015 жылғы қарашаның соңында 1 940,1 млрд. теңге болды, бұл экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінің 15,7%-ын құрайды.

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлеміндегі үлесі – 20,6%), өнеркәсіп (13,4%), құрылыс (8,0%), ауыл шаруашылығы (4,9%) және көлік (4,5%) сияқты салаларға тиесілі.

2015 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 15,7% (2015 жылғы қазанда – 14,8%), жеке тұлғалардікі – 17,2% (16,7%) болды. 




Яндекс.Метрика