Басқару

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 2015 жылдың қарашасында 28,6 млрд долларға жетті

2015 жылғы қарашада Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 0,4%-ға 28,6 млрд. АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері 2,1%-ға төмендеу) ұлғайды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 20:07

Сонымен, Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 0,5%-ға 27,8 млрд. АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері 1,7%-ға төмендеу) ұлғайды. 2015 жылғы қарашада таза валюталық қорлар (ЕАВ) 3,5%-ға өсіп, алтындағы активтер 7,0%-ға төмендеді.

2015 жылғы қарашада Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, тұтастай алғанда еліміздің халықаралық резервтері (64,2 млрд. АҚШ  доллары), шұғыл деректер бойынша, 0,6%-ға  92,8 млрд. АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері 9,4%-ға азаю) ұлғайды.

2015 жылғы қарашада ақша базасы 3,0%-ға кеңейіп, 4816,2 млрд. теңгені (жылдың басынан бері 41,1%-ға кеңею) құрады. Тар ақша базасы, яғни  екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін қоспағандағы ақша базасы 3,0%-ға 4704,6 млрд. теңгеге дейін кеңейді.

«2015 жылғы қарашада ақша массасы 5,8%-ға 16684,4 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бері 30,2%-ға ұлғаю) ұлғайып,  айналыстағы қолма-қол ақша 0,9%-ға 1190,2 млрд. теңгеге дейін  (жылдың басынан бері 6,1%-ға ұлғаю) қысқарды, банк жүйесіндегі депозиттер 6,3%-ға 15494,2 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бері 32,5%-ға ұлғаю) өсті», - делінген хабарламада.

Ақша массасының құрамындағы депозиттер үлесі 2014 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2015 жылғы қаңтар-қарашада белгіленген айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттер көлемінің үдемелі өсу қарқынының салдарынан 2015 жылғы қарашада 92,9%-ға ұлғайды.




Яндекс.Метрика