Басқару

Ұлттық банк басшысы қаржы нарығындағы жағдайды түсіндірді

Бүгін ҚР ұлттан банкінің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз конференциясы барысында қаржы нарығындағы жағдайды түсіндірді.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 19:36

«Жалпы, валютаға деген сұраныс заңды құбылыс. Дегенмен, алыпсатарлық сипатқа ие операциялар да бар. Қазір ҚР Ұлттық банкі бұларды барынша азайтуға күш салып жатыр. Біз бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз. Мұндай алыпсатарлық операциялар, әсіресе, валюта бағамының тұрақсыз кезеңінде орын алады», - деді Д.Ақышев.

Оның айтуынша, қаржы нарығында негізінен валюталық алыпсатарлық операцияларды жасайтын валюта айырбастау пункттері емес.

«Валюта айырбастау пункттерінің көбісі тұтынушылық сипатта, яғни биржада орын алатын өзгерістерге байланысты әрекет жасайды. Ал биржадағы операция лектері жекелеген валюта айырбастау пункттеріне қарағанда әлдеқайда үлкен. Сондықтан біз бұл нарықтағы өзара әрекеттестік ережесіне өзгеріс енгізуден аулақпыз», - деді Ұлттық банк төрағасы.




Яндекс.Метрика