Басқару

ҚР Ұлттық банкі: 2015 жылғы қарашаның соңындағы жағдай бойынша депозиттер көлемі 6,3%-ға ұлғайды

2015 жылғы қарашаның соңындағы жағдай бойынша резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 6,3%-ға ұлғайып, 15 494,2 млрд. теңге болды (жыл басынан бастап 32,5%-ға өсу). Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 19:06

Сонымен, заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 5,7%-ға 9 244,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бастап 26,7%-ға өсу), жеке тұлғалардікі 7,2%-ға 6 250,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бастап 42,1%-ға өсу).

ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша, 2015 жылғы қарашада ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 1,5%-ға 5 044,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (заңды тұлғалардікі – 1,4%-ға өсу, жеке тұлғалардікі –2,0%-ға өсу), шетел валютасында екі сегмент үшін 8,8%-ға 10 449,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Теңгемен депозиттердің үлес салмағы 32,6%-ды құрады.

Бұдан басқа, мерзімді депозиттер 2015 жылғы қарашаның соңында бір айдың ішінде 6,6%-ға ұлғая отырып,  10 992,8 млрд. теңгені құрады. Мерзімді депозиттер құрамында ұлттық валютадағы салымдар 3 221,8 млрд. теңгені (бір айда 6,3%-ға өсу), шетел валютасындағы салымдар  7 771,1 млрд. теңгені (бір айда 6,8%-ға өсу) құрады.

2015 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,3%-ды (2015 жылғы қазанда 13,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,5%-ды (8,6%) құрады.




Яндекс.Метрика