Басқару

Теңгенің айырбас бағамының деңгейі валюта нарығында мұнай бағасына тікелей баланысты болады – ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау мақсатында үстіміздегі жылы бесінші қарашадан бастап, өзінің валюта нарығына қатысу деңгейін азайтқан болатын, деп Ұлттық банктан хабарлады.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 18:34

«Өткен қараша айында теңгенің бағамы 282 теңгеден 312 теңгеге дейін түсті. Кейін Ұлттық банктің қатысуынсыз-ақ, теңгенің бағамы бір АҚШ доллары - 308-307 теңге көлемінде тұрақталды. Осылайша, қараша айында теңге бағамындағы өзгеріс 9 пайызды құрады. Ал Ұлттық банк қараша айында валюта нарығында 577 млн. АҚШ долларын сатып алды. Сәйкесінше, Ұлттық банк валюта нарығында ешқандай алыпсатарлық әрекеттерге жол бермейді»,  - делінген Ұлттық банк хабарламасында.  

Айта кетелік, Ұлттық банк алтын-валюта қорын сақтау мақсатында үстіміздегі жылы бесінші қарашадан бастап, өзінің валюта нарығына қатысу деңгейін азайтқан болатын. Дегенмен, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы алыпсатарлық тербелістерге жол бермейді.

 «Алдағы уақытта теңгенің айырбас бағамының деңгейі валюта нарығында  мұнай бағасына тікелей баланысты болады. Яғни, теңгенің бағамы жақын кезеңде «Brent» маркалы мұнай бағасы бойынша бір баррельдің құны 30-40 АҚШ доллары диапазонына бейімделуі тиіс. Егер, мұнай бағасы бұдан бетер төмендейтін болса, яғни бір баррельдің құны 30 доллардан төмендеп, Ресей рублі  10  пайызға құнсызданатын болса, теңгенің бағамы да сәйкесінше, жаңа деңгейге көтеріледі», - деді Д. Ақышев.




Яндекс.Метрика