Парламент

С.Сәрсенов: Қазақстанда пошта қауіпсіздігі шаралары күшейтіледі

Қазақстанда пошта қауіпсіздігі шаралары күшейтіледі, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов ҚР Парламенті Мәжілісінде «Пошта туралы» заң жобасын таныстыру барысында.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 16:24

«Пошта саласының қолданыстағы заңнамалық базасы ақпараттық қоғамның дамуына қарай жаңғыртуды қажет етеді. Мәселен, «Пошта туралы» ҚР Заңы 2003 жылы күшіне енген болатын және сол уақыттан бері 12 жыл өтті. Осы уақыт аралығында пошта байланысы қызметтерін көрсетудің технологиясында өзгерістер пайда болды, халық тарапынан электрондық коммерция, электрондық қызметтер және т.б. сияқты кейбір пошталық қызметтерге сұраныстары артуда. Бұдан басқа, пошта саласындағы қолданыстағы заңнамада кейбір кемшіліктер бар», - деді С.Сәрсенов. 

Оның айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты қолданыстағы заңнамадағы кемшіліктерді жою, пошта операторларының әрекетін заманауи талаптарға және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқықтық негізбен қамтамасыз ету, пошта байланысы қызметін көрсетудің сапасын арттыру және оның тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан бөлек, пошта саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтіледі.

«Ауылдық елді мекендерде ақша қаражаттарын ұрлау және жымқыруды болдырмау бойынша шаралар қабылданатын болады», - деді вице-министр. 

Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда пошта қызметтерінің желісі дамудың жаңа сапалы деңгейіне өту сатысында болып табылады. Ал былтырғы жылдың қорытындысы бойынша пошта операторларының 2014 жылда көрсетілген қызметтерден түскен жалпы табыс жазбаша хат-хабардан 10,7 млрд. теңге, сәлем-сауқаттардан 12,5 млрд. теңге, қаржылық қызметтерінен 13,2 млрд. теңгені құраған. Мамандар жыл сайын жазбаша хат-хабар көлемінің азаюын алға тартады.




Яндекс.Метрика