Өңірлер

ҰКП бизнесті аймақтардың мүмкіндіктерін ескере отырып дамытуды ұсынуда

ҚР ҰКП Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын жасақтады, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов ОКҚ-да.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 15:52

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын әзірлеуде. Аталған карта еліміздің кез келген өңіріндегі кәсіпкерліктің даму деңгейімен қатар инвестиция салуға болатын саланы да анықтауға мүмкіндік береді. 14 облыс пен республикалық маңыздағы 2 қаланы қамтитын Қазақстан картасынан бір өңірді таңдасаңыз, онда әрбір ауданның картасы табиғи ресустарымен, пайдалы қазбаларымен толық көрсетіліп тұратын болады», - деді ол.

Т.Шотановтың айтуынша, бұл карта 11 желтоқсан күні елордада өткен Индустрияландыру күнінде Елбасы Н.Назарбаевқа таныстырылған. Ал ол толығымен 2016 жылдың ақпанында немесе наурыз айында іске қосылады.

Айта кетерлігі, картаның жалпы мәліметтер базасына 306038 кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпараттар енгізіледі. Оның 4249-ы ірі және орта, ал 301789-ы шағын бизнес субъектілері.




Яндекс.Метрика