Өңірлер

Семейде жыл басынан бері 9 мектепке дейінгі мекеме ашылды

Балабақша мен шағын орталық тапшылығын алдын-алу үшін Семейде биылғы жылы 777 баланы қамтыған мектепке дейінгі 9 жеке меншік мекеме ашылды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан23 Желтоксан , 09:43

Жыл соңына дейін қалада  270 баланы қамтыған тағы 2 шағын орталық өз есігін ашатын болады.

Сондай-ақ, келесі жылы «KAZ-AZMECO» компаниясымен концессиялық келісім бойынша 1290 балаға арналған 5 балабақша салынады.    

2011-2015 жылдарға Семей қаласын дамыту бағдарламасы аясында 2 инвестициялық жоба қарастырылған. Оның ішінде, Комсомол кентінде 280 және Суықбұлақ кентінде 230 орындық балабақша құрылысы жоспарланған.




Яндекс.Метрика