Адами капитал

ҚР Қорғаныс министрінің атынан Қазақстанның жас ұландықтарына Жаңа жылдық шырша өткізілді (ФОТО)

Астанада ҚР Қорғаныс министрінің атынан Қазақстанның жас ұландықтарына Жаңа жылдық шырша өткізілді.
Нұр-Сұлтан 22 Желтоксан, 20:42

Ведомстводан хабарлағандай, бұл іс-шара елорданың төсінде орналасқан «Салтанат сарайында» армия генералы, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбиленушілерінің, сондай-ақ алғаш рет осы жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілген Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы үш әскери мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің басын біріктірді.

Мейрамға 8-11 сыныптың 58 ұланы қатысты. Бұл балалардың барлығы қамқорлықта және балалар үйінің тәрбиеленушілері болып келеді. Мерекелік іс-шараға мейман ретінде қыз балалар,  Астана қаласы мектептері мен лицейлерінің оқушылары шақырылды.

 ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы  генерал-майор Мұхамеджан Таласов келе жатқан 2016 жылмен ұландарды құттықтады. «Біз 2015 жылды қорытындылап, алдағы келер жылға міндеттер қоямыз. 2015 жыл біз үшін жақсы, жемісті жыл болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігінің қатарына Алматы, Қарағанды және Шымкент шаһарларындағы әскери мсктеп-интернаттары қосылды. Сендер білім нәрін сусындап, олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болдыңдар. ҚР Қорғаныс министрінің атынан мен сендерді келе жатқан Жаңа жылдарыңмен шын жүректен құттықтаймын. Мықты денсаулық, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектеспін. Оқыңдар, білім алындар және сол кезде сәттілікке қол жеткізіп, биік шыңдарды бағындырасыңдар».

Әскери мектеп тәрбиеленушілері мен мерекеге жиналған қонақтарға арналып концерттік бағдарлама және сыйлықтар әзірленді, мерекелік дастархан жайылды.

«Осындай мерекелік іс-шара ұйымдастырғаны үшін Қорғаныс министрлігіне алғысымды білдіремін. Осы жыл барлығымыз үшін ерекше жыл болды. Себебі, біз ұлан атандық. Біз үкілеген үміттеріңізді ақтап, ынта-жігермен білім аламыз, еңбек етеміз және Сіздің ісіңізді жалғастырып, Қазақстанымыздың тәуелсіздігін сақтау үшін әскери ілімді игереміз», - деп ҚР ҚМ Сабыр Рақымов атындағы Шымкент қаласы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 11-сынып ұланы Қыдыр Әлібек ризашылығын білдірді. 





Яндекс.Метрика