Инвестициялар

Қызылорда облысында «Ардагерлер үйі» есігін айқара ашты

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде ақсақалдарға арналған «Ардагерлер үйі» пайдалануға берілді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі.
Қызылорда23 Желтоксан , 09:28

Айта өтейік, Ардагерлер үйінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев және облыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов қатысты.

«Ардагерлер үйі» Қызылорда облысы бойынша аудандар арасында тұңғыш рет Қазалыда ашылып отыр.

Жалпы, аудан бойынша 6 607 ардагер болса, мұнда олардың бас қосып, демалып қайтуына бар жағдай жасалған. Ғимараттағы 17 бөлмеде асхана, демалыс, жаттығу залы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, бұл үйден ардагерлер тегін медициналық кеңестер алып, ем қабылдай алады. Құрылыс жұмыстары демеушілік есебінен жүргізілген.




Яндекс.Метрика