Қалаларға шоғырлану

Семейде 147 га құрайтын жаңа шағын аудан салынады

Семей қаласының солтүстік бөлігінде аумағы 147 га құрайтын жаңа «Қарағайлы» тұрғын шағын аудан салынады. Жаңа аудан жалпы 541,7 мың ш.м. құраған 10 көпқабатты үйден тұрады, деп хабарлады Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов баспасөз конференциясында.
Шығыс Қазақстан23 Желтоксан , 08:56

Шаһар басшысының айтуынша, ағымдағы жылы ауданды жарық, жылу, су жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары басталған.

«Қарағайлы» ықшам ауданының аумағында мектеп, жатақхана, балабақша салынып, барлық жағдай жасалады. Қазіргі уақытта, қосымша қаражат көздерін іздестіре отырып, жоспарды аяғына дейін жеткізуді көздейміз, – деді Ермак Салимов.

Сондай-ақ, инженерлік коммуникациялармен жабдықтау үшін жобалық-сметалық құжаттар да әзірленуде. Аталған жоба бойынша, 10 үй құрылысына 4,3 га жер телімі бөлінген.

Ықшам ауданда 720 орындық «Физика-математикалық бағыттар бойынша оқытатын Назарбаев зияткерлік мектебімен» қатар Семей медициналық университетіне қарасты 7 жатақхана құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша тағы 240 орындық балабақша, қазақ-түрік лицейі мен әлеуметтік қажетті нысандар салынады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Семейде аумағы 80 394 ш.м. құрайтын 11 көпқабатты үй қолданысқа берілген.




Яндекс.Метрика